Басып шығару
PDF

КОЛАКС – Бөлшекті ет мини-зауыттары. Қазақстандағы ет өңдеу

КОЛАКС бөлшекті ет мини зауыты (цех)– бұл ірі қара немесе ұсақ малдардың, сонымен қатар шошқа, құс, қоян және т.б. еттерін өңдеу айналымын толық немесе бөліктеп орындауға арналған дайын кешен.

КОЛАКС ет мини зауытының көмегімен табиғи және экологиялық таза жартылай дайын  ет өнімдерінің көптеген түрін алуға болады. КОЛАКС цехтарының құрамына малды өңдеудің толық немесе бөлікті айналымына қажетті барлық ет өңдеу және байланыс құрылғылары, рұсат құжаттамасының жинағы, ет өңдеудің технологиялық барысының сызбалары кіреді. КОЛАКС етті өңдеу және алынған өнімді сақтауға арналған құрылғылардың толық жинағын қамтиды. Сонымен қатар КОЛАКС дегеніміз тек ет құрылғыларынығ жинағы ғана емес, ондағы барлық құралдар бір технологыялық тізбекке бекітілген.

Әр мини-зауыт суық және ыстық суменқамту, электр қорегімен, кәріз, жылыту, желдету және тоңазыту жүйелерімен жабдықталған. Барлық қондырғылар, сондай-ақ сүт мини-зауытының сыртқы және ішкі әрлеуі жоғары сапалы материалдардан жасалған және қажетті барлық рұқсат құжаттарымен қамтылған.

КОЛАКС ет мини -зауыттарының (цехтарының) негізгі мақсаты:

1. Малды сою және келесі өнімдерді алу үшін етті өңдеу :

• жарты денелі жас ет;
• тазартылған ішкі өнімдер;
• тазартылған ішек-қарын (тұздалмаған);
• тері (тұздалмаған).

 2. Етті жартылай дайын өнімдерді және келесі өнімдерді алу мақсатында өңдеу:

  • бөлшектелген сүйекті ет;
  • сүйекті ет (қабырғалар, сан еті, балтыр еті, қуырдақ, сорпа жинағы, қабырға кәуабы және т.б.);
  • кіші көсекті етті жартылай дайын өнімдер (азу, гуляш, бефстроганов және т.б.).

3. Келесі өнімдерді алу мақсатында жартылай дайын өнімдерді өңдеу:

  • пісірілген шұжық;
  • кіші шұжықтар (сардельдер);
  • жартылай қақталған шұжықтар;
  • қақталған жеңсік ас.

4. Алынған өнімдерді сақтау және бақылау.

Егер Сіз мини зауыттырдың бағасын шамамен білгіңіз келсе, кері байланыс формасын қолданып немесе +38 (044) 229-38-98 телефонына хабарласа аласыз. Біздің менеджеріміз Сіздің зауыт жабдықтамасы бойынша қалауыңызды нақтылап, бағасын шамамен есептейді. Соңғы бағасы бірнеше себептерге: мини зауыт құрылғыларының жинағына, өндіру көлеміне, шығарылатын өнімнің түрлеріне, тасымалдауға жәнге т.б. байланысты.

Сізге қажетті өңдеу көлемі мен шығарылатын өнім түріне есептелген жеке КОЛАКС ет мини зауытына тапсырыс беру үшін тапсырыс беруді толтырыңыз.

КОЛАКС бөлшекті ет мини-зауыттарының тізіміне көшу